Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Астанада көпқабатты үйден құлаған екі жасөспірім көз жұмды
130
оқылды

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлаған екі жасөспірім көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға 9 қараша күні кешкі уақытта болған. Көпқабатты тұрғын үйдің маңына жедел қызмет өкілдері шақырылған.

Астана қаласының Полиция департаменті екі жасөспірімнің қаза тапқанын растап, оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

– Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді, – делінген полицияның хабарламасында.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары тергеуге қатысты қосымша мәлімет жариялаған жоқ.