Осылайша Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасына екінші күміс медальді сыйлады. Бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) екінші орын алған еді.
Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
120
оқылды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Бибарыс Әшірбай Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ақтық сынында Ұлыбритания өкілі Майкл Моэнмен қолғап түйістірді.

Британдық боксшы алғашқы раундтан бастап басымдық танытты. Нәтижесінде 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасына екінші күміс медальді сыйлады. Бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) екінші орын алған еді.

Айта кетейік, осымен ұлттық құраманың қоржынында жеті медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келі) және велошабандоз Әнел Тәшбай алтын алса, таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары), триатлоншы Рамазан Әйнегов және боксшы Марал Төлепберген (54 келіге дейін) қола алған еді.