Берлинде Қазақстан киносы күндері өтті. Бағдарлама аясында «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» және «Жерұйық» көркем фильмдері көрсетілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Іс-шарада Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Онжанов құттықтау сөз сөйледі.
«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімі алдында режиссер Рүстем Әбдірашев туындыға арқау болған тарихи оқиғаларға тоқталып, фильмнің түсірілу ерекшеліктері мен сол оқиғалардың экранда қалай бейнеленгені туралы әңгімеледі.

Көрсетілімдерге жергілікті тұрғындар, студенттер, неміс кинорежиссерлері, іскер топ пен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, Қазақстан киносы күндері «Жерұйық» көркем фильмінің көрсетілімімен жалғасты. Көрермен адам тағдыры, тарихи сана мен рухани құндылықтар тақырыбын арқау еткен отандық киноның тағы бір туындысымен танысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
