Басқосуда жаңа тұрғын аудандарға қажетті мектептер, балабақшалар мен медициналық нысандар, жол құрылысы және осы жобаларды іске асырудағы мәслихаттың рөлі талқыланды.
Жаңа үйлермен қатар мектеп пен емхана қажет: «Әділет» партиясының кандидаттары құрылысшылармен кездесті
154
оқылды

17 қарашада Астанада «Әділет» партиясының кандидаттары құрылыс саласының қызметкерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Басқосуда жаңа тұрғын аудандарға қажетті мектептер, балабақшалар мен медициналық нысандар, жол құрылысы және осы жобаларды іске асырудағы мәслихаттың рөлі талқыланды.

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, партиялық тізім бойынша мәслихат депутаттығына кандидат Кәрімбек Құрманәлиев тұрғындардың ұсыныстары қалалық шешімдерде қалай ескерілетініне тоқталды. Ол Қоғамдық кеңес құрылыс, инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім беру мәселелерін қарап, тұрғындардың ұсыныстарын тиісті органдарға жеткізетінін айтты.

«Мәслихат қарайтын негізгі мәселелердің бірі — бюджет. Қаладағы көп мәселенің шешімі қаржыға байланысты. Сондықтан бюджетті қалыптастыру мен оның игерілуіне қатысты шешімдерде мәслихаттың рөлі зор. Мәслихат депутаты болу — үлкен жауапкершілік», — деді Кәрімбек Құрманәлиев.

№ 10 сайлау округі бойынша кандидат Закиржон Умаров тұрғындармен кездесулерде медициналық көмектің қолжетімділігі, мектептер мен балабақшалардың жетіспеуі жиі көтерілетінін айтты. Ол округте медициналық орталық салу бастамасын қолға алғысы келетінін, ал мектептер мен жолдарға қатысты мәселелерді әкімдікпен және тиісті мекемелермен бірлесіп пысықтауды көздейтінін жеткізді.

«Тұрғындармен сөйлесіп, шешімді бірге қабылдауымыз керек. Атқарылған жұмысты да бақылау қажет. Медицина саласында жұмыс істегендіктен, округте медициналық көмектің қолжетімді болуына үлес қосқым келеді», — деді Закиржон Умаров.

Кандидат еңбек жолының басында Жамбыл облысындағы Амангелді газ құбырының құрылысында жұмыс істегенін еске алып, құрылысшыларға еңбегі үшін алғыс білдірді. Партиялық тізім бойынша кандидат, «Эндохирургия клиникасы» ЖШС бас директоры Салтанат Дженалаева Закиржон Умаровқа қолдау білдіріп, № 10 округтің сайлаушыларын оған дауыс беруге шақырды.

«Әділет» партиясының Астананы 2026–2031 жылдары дамытуға арналған бағдарламасында 57 жаңа мектеп салу, 90 шақырым жаңа көше салу, 360 шақырым қала көшесін жөндеу және 360 ауланы абаттандыру көзделген. Тұрғын үй қорын жаңарту бағытында 90 көппәтерлі үйді күрделі жөндеу, 280 лифтіні ауыстыру мен жаңғырту қарастырылған. Бағдарламада медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға да басымдық берілген.

Дайындады: «Әділет» партиясы Астана қалалық филиалының баспасөз қызметі. 

Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық 

тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының  қаражатынан төленді