Кездесуде № 6 сайлау округі бойынша Астана мәслихатының депутаттығына кандидат, «KASSYB BILIM» ЖШС бас директоры Бауыржан Қасымбергебаев, партиялық тізім бойынша кандидаттар — «Әділет» партиясының Астана қалалық филиалының төрағасы Мағжан Қыстаубаев және елордадағы «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бекдайыр Күзембай сөз сөйледі.
«Әділет» партиясының кандидаттары Астанадағы жылу электр орталығының ұжымымен кездесті
140
оқылды

17 қарашада «Әділет» партиясының кандидаттары Астананың Байқоңыр ауданындағы № 3 жылу электр орталығының ұжымымен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Басқосуда елорданың инфрақұрылымын дамыту, қала бюджетінің орындалуын бақылау және партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы талқыланды.

Кездесуде № 6 сайлау округі бойынша Астана мәслихатының депутаттығына кандидат, «KASSYB BILIM» ЖШС бас директоры Бауыржан Қасымбергебаев, партиялық тізім бойынша кандидаттар — «Әділет» партиясының Астана қалалық филиалының төрағасы Мағжан Қыстаубаев және елордадағы «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бекдайыр Күзембай сөз сөйледі.

Бауыржан Қасымбергебаев мәслихаттың қалалық бюджетті бекіту және оның орындалуын бақылау жөніндегі рөліне тоқталды. Оның айтуынша, қандай мәселеге қаржы қажет екенін анықтауда тұрғындардың пікірі маңызды.

«Мәслихат бюджетті бекітеді және оның орындалуын бақылайды. Депутаттар қандай мәселе шұғыл шешімді қажет ететінін ескеріп, қаражатты бөлу жөнінде ұсыныс айта алады. Тұрғындардың сенімі бізге осы мәселелерді көтеріп, мемлекеттік органдардан нақты нәтиже талап етуге мүмкіндік береді», — деді Бауыржан Қасымбергебаев.

Мағжан Қыстаубаев заң мен тәртіп қағидатын іске асыруда тұрғындармен ашық пікір алмасудың маңызына тоқталды.

«Біз сіздердің қолдауларыңызға, сенімдеріңізге және белсенді азаматтық ұстанымдарыңызға үміт артамыз. Заң мен тәртіп үстемдік ететін қоғам қалыптастыру жолындағы жұмыс осындай кездесулерден, өзара пікір алмасудан басталады. Баршаңызды 29 қарашадағы сайлауға қатысуға шақырамыз», — деді Мағжан Қыстаубаев.

Бекдайыр Күзембай елорданы жылумен қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін энергетиктерге алғыс білдірді. Ол партияның бес құндылығын атап өтті: әділеттілік, отансүйгіштік, жауапкершілік, еңбекқорлық және прогресс. Сайлауалды бағдарламаның бес негізгі мақсаты — қолжетімді әрі жайлы баспана, денсаулық пен ұзақ өмір сүру, шағын және орта бизнесті дамыту, тұрақты жұмыспен қамту және жаңа экономика қалыптастыру.

Бағдарламада Астанадағы инженерлік желілерді кезең-кезеңімен жаңарту, 360 шақырым қала көшесін жөндеу, 90 шақырым жаңа көше салу, 360 ауланы абаттандыру және 57 жаңа мектеп салу көзделген. Жұмыспен қамту бағытында JOLTAP жобасы арқылы 6 мың адамды жұмысшы және цифрлық мамандықтарға оқыту, ал «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша 3 910 жасты жұмысқа орналастыру жоспарланған.

 

Дайындады: «Әділет» партиясы Астана қалалық филиалының баспасөз қызметі. 

Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық 

тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді