Алматыда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясының Медеу аудандық сайлауалды штабының өкілдері «Orbis Auto» компаниясының еңбек ұжымымен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Басқосуда мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар таныстырылды.

Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Медеу аудандық сайлауалды штабының мүшелері және компания қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында партияның 2026-2031 жылдарға арналған Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары мен оларды іске асыру тетіктері түсіндірілді.

«Әділет» партиясының Алматы қалалық сайлауалды штабының жетекшісі, Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Мейіржан Отыншиев қаланың экономикалық дамуы мен кәсіпкерлік ортаны жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.
«Қаланың тұрақты дамуы экономикалық мүмкіндіктердің кеңеюімен, кәсіпкерліктің өркендеуімен және тұрғындардың әл-ауқатының артуымен тығыз байланысты. Қалалық инфрақұрылымды жетілдіру, жаңа жұмыс орындарын ашу және бизнеске қолайлы жағдай қалыптастыру барысында еңбек ұжымдарының тәжірибесі мен ұсыныстарын ескеру маңызды. Қабылданатын шешімдер қаланың нақты қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс», - деді Мейіржан Отыншиев.

Кездесу еңбек ұжымын сайлауалды бағдарламаның мазмұнымен таныстыруға және Алматының алдағы даму бағыттары жөнінде пікір алмасуға арналды.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров
Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
