18 қарашада спортшылар қысқа бағдарламаны орындаса, 19 қарашада еркін бағдарламада өнер көрсетеді.
Екі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Эстониядағы Challenger турнирінде бақ сынайды
Фото: ҚР ҰОК
142
оқылды

Эстонияның Таллин қаласында Challenger сериясына кіретін мәнерлеп сырғанаудан Tallinn Trophy халықаралық турнирі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан намысын Никита Кривошеев пен Артур Смағұлов қорғайды.

18 қарашада спортшылар қысқа бағдарламаны орындаса, 19 қарашада еркін бағдарламада өнер көрсетеді.

ҚР ҰОК мәліметінше, ерлер арасындағы бәсекеде 24 спортшы жүлдеге таласады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.