Оралда суретші Мұратбек Жоламановтың картиналары көпшілік назарына ұсынылды. «Қылқалам ұшындағы құдірет» атты көрмеге автордың 40 шақты туындысы қойылды.
«Қылқалам ұшындағы құдірет»
113
оқылды

Ерекше дарын иесі Сырым ауданында дүниеге келіп, Ал­матыда кәсіби білім алған. Оның «Хан көтеру» тақырыбындағы дипломдық жұмысы академиядағы ең үздік шығарма болды. Рес­публикалық және халықаралық байқауларға қатысқан қыл­қалам шебері жас суретшілер бірлестігін құруға атсалысты. Не­бәрі 34 жыл ғұмыр кешкен Мұратбек Жоламановтың кескін­демелері бүгінде Түркия, Польша, Ұлыбритания және Кореядағы жеке коллекцияларда сақтаулы тұр. Көрме суретшінің 60 жылдығына және ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналды.  

– Мұратбектің шығармашылығы, жалпы ұлттық рухты кө­теретін тарихи тақырыптарға жазған шығармалары көптің кө­кейінен орын алады. Енді бейнелеу өнерінің композицияларына келер болсақ, бейнелеу өнерінің реалистік бағтында, симво­лизм­да, сюрализм бағытында сосын стилизацияларға көп жұ­мыс­танған суретші ретінде, соның ішінде композицияларына қара­саң, ерекше шешімдерді көресің, – деді Қазақстан Сурет­шілер одағының мүшесі Қуандық Мәдір.