7-8 желтоқсан күндері елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Момышұлы» деректі драмасының премьерасы өтеді.
«Момышұлының» премьерасы өтеді
85
оқылды

Қарт Бауыржан мен жас журналистің сұхбаты – қойылымның негізгі арқауы. Үш буынның көзқарасы тоғысқан туындыда батырдың өткен өмірі мен ішкі әлемі ашылады. Спектакльде Момышұлы туралы бұрын жарияланбаған деректер көрермен назарына ұсынылады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Бақыт Бақтанұлы қойылымның Instagram парақшасында жарияланған бейнежазбада туындының дүниеге келуіне батыр­дың бойындағы асыл қасиеттер түрткі болғанын айт­ты. Қойы­лым­ның сценарий авторы – Назгүл Сарыбай, қоюшы режис­сері – Жұлдызбек Жұманбай, продюсері – Қуаныш Қонысбек.

Бауыржан Момышұлының рөлін Бақыт Бақтанұлы мен Бауыржан Есқожанұлы сомдайды. Батырдың жас кезін Қуаныш Айдарұлы, Жамбыл Жабаевтың рөлін Досжан Абдераимұлы ой­­найды. Былтыр Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай Орталық мемлекеттік архивте батырдың өмірі мен қыз­метіне қатысты бұрын белгісіз болған құжаттар көрмеге қойыл­ған еді.