Өнер иесі тоғыз жасында ата-анасы екі жаққа кеткені өзіне ауыр тигенін жеткізді.
Әкем мен анамның ортасында қолдарынан ұстап жүру өмір бойы арман болды – Қарагөз Сүлейменова
Фото: видеодан скрин
205
оқылды

Әнші Қарагөз Сүлейменова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында отбасы, балалық шағы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі тоғыз жасында ата-анасы екі жаққа кеткені өзіне ауыр тигенін жеткізді. Сонымен қатар анасының қатал тәрбиесі, әкесі мен әжесіне деген сағынышы туралы сыр шертті.

«Кішкентай кезімде мектепте сыныптастарыма анасы, әкесі келетін. Олар балаларын сондай жақсы көріп, еркелетіп тұрушы еді. Соларға қарап, қызығып кететінмін. Ішімнен «Менің әке-шешем неге қарапайым адамдар емес?» деп ойлайтынмын. «Гений болмай-ақ қойсын, осындай қарапайым адамдар болса ғой» дейтінмін. Бала кезімде осындай ой қалыптасты. Маған әкем мен анамның ортасында қолдарынан ұстап тұру өмір бойы арман болды. Ата-анамның бір үйде тұрғаны, солардың қасында жүргенім мен үшін бақыт болатын еді. Бірақ мен оны сезіне алмадым. Олар да жас болды. Олар да білмеді, баланы қалай тәрбиелеу керек екенін. Бала тәрбиесі менің ұғымымда, қазақ қоғамында, жалпы әлемде өте қиын мәселе. Себебі бір балаға берген нәрсе екінші балаға келмейді. ...Ата-анам мінезді, тұлғалы, дана, керемет адамдар болды. Бірақ әкем көзі тірісінде өкінішке қарай аса қатты бағаланбады. Ол – алдағы жүз-екі жүз жылдықты ойымен көре білген кісі», - дейді әнші.

Өнер иесі әкесі мен анасы мінезі жараспаған соң отбасы бола алмағанын айтты. Сонымен қатар бір шаңырақта тұра алмай, екі жаққа кеткен ата-аналарға кеңес берді. Айтуынша, бала мұндай жағдайда психологиялық соққы алмас үшін оған екі жақтан жан-жақты қолдау көрсету керек және ата-аналар балаға бір-бірі туралы теріс пікір айтпағаны жөн.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.