Алматыға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-көлік авиациясы паркін толықтырған Y-9E әскери-көліктік ұшағы келіп қонды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
.Жаңа ұшақ жеке құрамды, әскери жүктер мен материалдық құралдарды тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Техникалық сипаттамалары бойынша Y-9E қолданыстағы C-295 және A400M ұшақтарының арасындағы орынды иеленеді. Ұшақтың авиациялық паркке қосылуы ұшу қашықтығы мен жүк салмағын ескере отырып, әуе тасымалдарын барынша икемді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
