Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның жаңа құрамын бекітті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Комиссияға Бибігүл Жексенбай төрағалық етеді.
Президенттің 2026 жылғы 24 қарашадағы №1577 Жарлығына сәйкес, комиссия құрамына 30 адам енді. Олардың қатарында Құрылтай депутаттары, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, журналистер, дәрігерлер мен түрлі сала сарапшылары бар.
Комиссияның жаңа құрамы:
– Бибігүл Жексенбай – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, комиссия төрағасы;
– Снежанна Имашева – Құрылтай депутаты, Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл, комиссия төрағасының орынбасары;
– Назгүл Мақжанова – кәсіпкер, Астана қаласы әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, комиссия төрағасының орынбасары;
– Гаухар Нұрахметова – гендерлік және отбасылық саясат саласындағы сарапшы, комиссия хатшысы;
– Светлана Айтбаева – Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Астана қаласы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі;
– Инна Апенко – кәсіпкер, Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпкерлері қауымдастығының вице-президенті;
– Нұрсәуле Әлтекова – «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің республикалық Достық үйі қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы;
– Зүлфия Байсақова – Құрылтай депутаты;
– Жанар Бекбасова – стратегиялық коммуникация, қоғаммен байланыс және халықаралық ынтымақтастық саласындағы сарапшы, «Turan Business Development» ЖШС бас директоры;
– Галина Гребенникова – отбасын жоспарлау, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын қорғау саласындағы сарапшы, жоғары санатты дәрігер, Қазақстандық жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығының атқарушы директоры;
– Сана Жандай – кәсіпкер, Алматы қаласы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі;
– Баян Жандосова – «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы – Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрағасы;
– Ләззат Қалтаева – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
– Гүлмира Қанай – Назарбаев Университетінің вице-президенті;
– Тоғжан Қожалы – қоғам қайраткері, «HAQ» қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы;
– Татьяна Миронюк – «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастығының атқарушы директоры;
– Раушан Мұқажанова – кәсіпкер, «Адал Ас trade» ЖШС құрылтайшысы;
– Айгүл Мүкей – журналист, қоғам қайраткері, «Jibek Joly» телеарнасының тележүргізушісі, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің қауымдастырылған профессоры;
– Ержан Мырзабаев – отбасылық психолог;
– Николай Негай – жоғары санатты дәрігер-психиатр, Дүниежүзілік психиатрия қауымдастығының Шығыс Еуропа елдеріндегі өкілі;
– Индира Рыстина – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басқарма мүшесі – проректоры;
– Татьяна Савицкая – психолог, медиатор, Қарағанды қаласы әкімінің балалар мен отбасының құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі, «Диалог» жанжалдарды шешу орталығының басшысы, Кәсіби медиаторлар қауымдастығының президенті;
– Аяулым Сағынбаева – Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық есептеу орталығы» кәсіпорнына қарасты Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығының басшысы;
– Әлия Сәбитова – әлеуметтік кәсіпкер, Инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығының президенті;
– Юлья Смышляева – «Senim Qogamy» қоғамдық қорының директоры, «Жауапты ата-аналар академиясы» жобасының авторы;
– Анар Фазылжан – А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры;
– Муслим Хасенов – құқықтық мәселелер жөніндегі халықаралық сарапшы, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университетінің қауымдастырылған профессоры;
– Полина Шиманская – журналист, PR және көпшілік алдында сөз сөйлеу саласындағы сарапшы;
– Азиза Шөжеева – кәсіпкер, «TechnoWomen Non-profit Organisation» коммерциялық емес ұйымының басқарма төрағасы;
– Жұлдызай Ысқақова – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы, саясаттанушы.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
