Бұл жолы отандастарымыз Үндістан құрамасынан басым түсті. Ойын 33:27 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.
Қазақстан гандболшылары Азия чемпионатында қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді
163
оқылды

Алматыда әйелдер командалары арасында гандболдан Азия чемпионаты жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі екінші кездесуінде де жеңіске жетті.

Бұл жолы отандастарымыз Үндістан құрамасынан басым түсті. Ойын 33:27 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Еске салайық, қазақстандық гандболшылар алғашқы ойында Аустралия құрамасын жеңген болатын.

Қазақстан құрамасы В тобындағы келесі кездесуін  ертең, 25 қарашада Өзбекстанға қарсы өткізеді.

Азия чемпионаты 3 желтоқсанда мәресіне жетеді. Жарыстың қорытындысы бойынша үздік төрт құрама 2027 жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.