Өнер иесі ана мен бала арасындағы сепарация мәселесі өзекті екенін айтты.
«Балам үйленгенде қызғаныш болған жоқ»: Айгүл Иманбаева сепарация туралы айтты (видео)
Фото: әлеуметтік желі
150
оқылды

Актриса Айгүл Иманбаева келін мен ене тақырыбында сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі бүгінде ана мен бала арасындағы сепарация мәселесі өзекті екенін айтты. Айтуынша, өзі бірнеше жыл психологпен жұмыс істеп, мұндай кезеңнен жеңіл өткен.

«Балам үйленгенде қызғаныш, өміріне араласу, бақылауда ұстау деген болған жоқ. Өздері сұрамаса, ақыл айтпайтын болдым. Сен балаға он үш жасқа дейін керексің, болды. Соған дейін махаббатыңды, біліміңді беріп, ары қарай жөніне қою керек баланы. Бірақ менің анам қатты қиналды. Өйткені баламды өсіргеннен кейін анамда қызғаныш болды. Асхананы келінге бергісі келмеді. Қазір олар бірге тұрады анаммен. Бірақ шөбересі туғанда бәрін ұмытты. Шөбере өмірінің мәніне айналып, жаңа өмір сыйлағандай болды. Ал мен өзіммен өзім даму үстінде жүрген адаммын», - дейді актриса.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.