Астана-Атырау бағытындағы №47/48 жолаушылар пойызы 9 вагонмен толықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде купеге 40, ал плацкартқа 56 орын қарастырылған.
Жаңа вагондар жолаушыларға заманауи жабдықтармен қамтылған. Климатты реттеу жүйесі, жеке жарықтандыру шамдары, 220 В розеткалары, бейнебақылау жүйесі және жүк орналастыруға арналған арнайы орындар бар.
Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар жолаушылардың жайлылығы ескерілген. Бұдан бөлек, әйелдерге арналған арнайы вагон да қарастырылған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
