Топтық кезеңнің үшінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан 32:29 есебімен басым түсті.
Қазақстан гандболдан Азия чемпионатында Өзбекстан құрамасын жеңді
Фото: ҚР ҰОК
117
оқылды

Алматыда гандболдан әйелдер арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Топтық кезеңнің үшінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан 32:29 есебімен басым түсті.

Осылайша, ұлттық құрама чемпионаттағы үш кездесуінің барлығында жеңіске жетті.

Бұған дейін В тобында отандастарымыз Аустралия мен Үндістан құрамаларын ұтқан болатын.

Топтық кезеңдегі соңғы ойында қазақстандық гандболшылар Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.

ҚР ҰОК мәліметінше, бұл доданың қорытындысы бойынша үздік төрт команда 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.