Жолды 2026 жылғы 27 қараша сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
БҚО, Атырау, Ақтөбе облыстарында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
130
оқылды

ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

 Атырау облысы

2026 жылғы 26 қараша сағат 21:00-де Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы — Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау» автожолының 337–346 шақырым аралығында (Ақтөбе облысының шекарасы — Сағыз кенті) барлық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі.

2026 жылғы 26 қараша сағат 22:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолында жүк және қоғамдық көлік түрлеріне, сондай-ақ жазғы шиналармен жабдықталған автокөліктерге қозғалысқа шектеу енгізіледі:

Ақтөбе облысы:

- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 108–200 шақырым аралығы (Қобда ауылы – Батыс Қазақстан облысының шекарасы).

Батыс Қазақстан облысы:

- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 200–333 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Жымпиты ауылы).

Жолды 2026 жылғы 27 қараша сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.