Актер бұл туралы әріптесі Еркебұлан Тоқтарға айтып берді.
«Әкем көз алдымда, рұқсат сұрап көз жұмды»: Азамат Сатыбалдының әңгімесі оқырманға ой салды (видео)
Фото: әлеуметтік желі
208
оқылды

Актер Азамат Сатыбалды марқұм әкесі туралы естелік айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Айтуынша, әкесі көз алдында өзінен рұқсат сұрап, көз жұмған. Актер бұл туралы әріптесі Еркебұлан Тоқтарға айтып берді.

"Әкем ауырмай, аяқастынан қайтыс болды. Менің қолымда, рұқсат сұрап қайтты. Таңда келсем, ұйықтамай отыр екен. Содан тырнағын алып бердім. Сақалын алайын деп едім, тиме деді. Содан ұйықтап қалдым, Кейін түсте оятты. Төменге түссем, әкем ауырып отыр, имамды шақыршы деді. Нұрсұлтан деген ұстазы бар еді, сол келді. Ясин сүресін ұзақ оқыды. Папамның тілі біразға дейін кәлимаға келмеді. Кейін шығып, тоқтамай кәлима айтты. Сосын біреуді көргендей жымиып, маған қарап, рұқсат сұрап, көз жұмды. Мен жылап жатсам, Нұрсұлтан ұстаз Алладан сондай өлім сұрап, дұға етіп жатыр. Кейін сұрасам, бұл ақ өлім екен ғой", - деді актер. 

Желі қолданушылары актердің өнегелі әңгімесіне алғыс айтып, қолдау білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.