Қатты жел, көктайғақ, қалың қар жаууы және ауа температурасының күрт өзгеруі түрлі төтенше жағдайларға себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты құтқарушылар азаматтарды қарапайым әрі маңызды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қолайсыз ауа райы кезінде мүмкіндігінше үйден шықпаңыз.
Ағаштардың, жарнама қалқандарының, электр желілерінің және басқа да тұрақсыз құрылымдардың жанында тұрмаңыз.
Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, көлік арасындағы қашықтықты сақтап, жол жағдайына мұқият болу ұсынылады.
Жаяу жүргіншілер тротуарлар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінде, әсіресе көктайғақ кезінде абай болуы қажет.
Жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз! Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау өмір мен денсаулықты қорғауға көмектеседі, - делінген министрлік ақпаратында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
