Жәрмеңкеде сатып алушылар тауарларды делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатып ала алады.
Елордада «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі төрт алаңда өтеді
121
оқылды

Астанада алдағы демалыс күндері, яғни 28 және 29 қарашада кезекті «Соғым-FEST» фермерлік өнімдер жәрмеңкесі өтеді. Сауда төрт алаңда ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде Ақмола, Абай, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және өзге де облыстардың шаруа қожалықтары өз өнімдерін ұсынады. Сатып алушылар тауарларды делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатып ала алады.

Жәрмеңке төрт алаңда сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді:
•  Keruen Joly  сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б;
• «Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1;
•  Jurt сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3;
•  ERA  базары – Қорғалжын тасжолы, 96.

Сауда орындарына қоғамдық көлікпен жетуге болады.  Keruen Joly  және  Ет Әлемі  сауда орталықтарына №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307 және 317 автобустары қатынайды.  Jurt  сауда орталығына №2, 7, 13, 32, 42, 49, 50, 67 және 73 автобустарымен жетуге болады.

Ал  ERA  базарына №35, 36, 45, 62, 66, 305 және 312 автобустары жүреді.

«Соғым-FEST» жәрмеңкесі тұрғындарға сапалы отандық өнімді қолжетімді бағамен сатып алуға, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдау көрсетуге және қысқа дайындалу дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.