Жыл басынан бері Қазақстанда 2 817 рұқсат етілмеген қоқыс полигоны анықталды. Оның ішінде 2 647-сі жойылды – жалпы санының 93 пайызы.
Қазақстандағы рұқсат етілмеген қоқыс полигондарының саны азайып келеді
Фото: gov.kz
85
оқылды

Бұл нәтижелерге заңсыз қоқыс полигондарын анықтау және жою бойынша жүйелі жұмыстардың, соның ішінде Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, 2018 жылдан бері жүргізіп келе жатқан ғарыштық мониторингті пайдаланудың арқасында қол жеткізілген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жұмыс жергілікті жерлерде де жүргізілуде. Жыл басынан бері полиция бөлімдерімен, жергілікті атқарушы органдармен және эко активисттермен бірлесіп 900-ден астам мобильді топ құрылды. 58 000-нан астам рейд жүргізілген. Тексерулер нәтижесінде 177 800 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, айыппұл сомасы 738,9 миллион теңгені құрады.

Тек анықталған бұзушылықтардың статистикасы ғана емес, сонымен қатар жалпы жағдай да өзгеріп жатқанын атап өту маңызды. 2018 жылы 8 680 рұқсат етілмеген қоқыс полигондары анықталған болса, 2026 жылы бұл сан 2 817-ге дейін артады деп күтілуде.

Тұрақты жұмыс, бақылау және жеке жауапкершілік – қалаларымыз бен елді мекендерімізді таза ұстаудың маңызды құрамдас бөліктері. Таза ел қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудан басталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.