Сайлауалды кездесуде елордада жаңа көшелер салу, инженерлік желілер тарту және газдандыру мәселелері талқыланды.
Кездесуге №16 сайлау округі бойынша Астана қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат, QazaqGaz Aimaq АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Уәлихан Қымбатов қатысты. Партиялық тізім бойынша кандидаттар қатарынан TORE HOLDING Ltd. компаниясының қаржы мәселелері жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Сейдалин мен «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысының Астана қаласындағы жетекшісі Мәди Өмірзақов қатысты. Сондай-ақ кездесуге партияның Сарыарқа аудандық филиалының төрағасы Азамат Жүсіпқалиев қатысты.

Уәлихан Қымбатов газдандыру бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, осы салада 13 жылдан бері еңбек етіп келе жатқанын атап өтті.

Мәди Өмірзақов партияның сайлауалды бағдарламасында Астанада 90 шақырым жаңа көше салу көзделгенін айтты. Ол жаңа көшелерге қажетті инженерлік желілерді тарту да жоспарға енгізілгенін түсіндірді.
«Бұл тек жол құрылысы ғана емес, сонымен қатар электр желілері мен басқа да инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізуді қамтиды», – деді Мәди Өмірзақов.
Кездесуде 29 қарашадағы мәслихат сайлауында дауыс беру тәртібі де түсіндірілді. Сайлаушыларға екі бюллетень беріледі. Бірі партиялық тізім бойынша, екіншісі өз округіндегі кандидатқа дауыс беруге арналған.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Астана қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
