5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНДЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ.
Әскери бөлімде жеке құраммен психологиялық бағыттағы кездесу өтті
Фото: gov.kz
165
оқылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша әскери қызмет атқаратын әскери қызметшілер арасында психологиялық бағыттағы ақпараттық дәріс өткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шараға Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» МКМ әлеуметтік психологі Самал Сабырбекова қатысып, «Суицидтік көріністердің алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Дәріс барысында маман суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жолдары, психологиялық дағдарыстың алғашқы белгілерін анықтау, күйзеліс жағдайында өзін-өзі басқару және эмоционалдық тұрақтылықты сақтау мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар әскери ортада өзара қолдау көрсетудің, әріптестердің көңіл күйіндегі өзгерістерге бейжай қарамаудың және қиын жағдайға тап болған жағдайда дер кезінде мамандардың көмегіне жүгінудің маңыздылығы айтылды.

Кездесу барысында әскери қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан тиісті кеңестер алды.

Іс-шараның басты мақсаты – әскери қызметшілердің психологиялық сауаттылығын арттыру, суицидтік қауіптің алдын алу, психологиялық саулықты нығайту және ұжымда өзара сенім мен қолдау мәдениетін қалыптастыру.

Мұндай профилактикалық кездесулер әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайын нығайтуға және әскери ұжымдағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.