31 наурыздан бастап Жамбыл облысында шектеу шаралары енгізіледі.
Шектеу шаралары:
1) Транзиттік және азық-түлік тауарларын тасымалдайтын автокөліктерден басқа, барлық көлік түрлері үшін және азаматтар үшін Жамбыл облысы аумағы мен Тараз қаласына кіріп-шығуға тыйым салынады;
2) Ірі сауда орталықтары қызметтерін тоқтатады;
3) Бөлшек сауда базарлары сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін санитарлық-дезинфекциялық режімді қатаң сақтай отырып жұмыс істейді;
4) Көтерме азық-түлік қоймалары мен базарлар, супермаркеттер, азық-түлік сауда орындары, тұрғын үй жанындағы дүкендер мен дәріханалар қалыпты режімде жұмысын жалғастырады;
5) Қоғамдық тамақтану нысандары жеткізіп беру режіміне көшеді;
6) Жамбыл облысының тұрғындарына үйінен аса қажеттілік болмаса шықпауға шақырады;
7) Тұрғындардың үш адамнан артық емес топтасып жүруін (отбасы мүшелерін қоспағанда) шектеу қажет.