Онлайн байқау: «Қазақы терминдерді халық жасайды»
Онлайн байқау: «Қазақы терминдерді халық жасайды»
209
оқылды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақы терминдерді халық жасайды» атты республикалық байқау жариялайды. Байқау 2020 жылдың 1-18 сәуір аралығында онлайн режімде өтеді. Байқаудың мақсаты – ұлттық терминжасамның өзекті мәселесін тиімді жолмен шешу, сәтті термин ұсынушы тіл жанашырларын анықтау және қолдау.   Республикалық байқау ережесі: І кезең. Байқауға қатысушылар «Өзін-өзі таныстыру парағын» (Визиттік карточка) 1-5 сәуір аралығында termincom2020@gmail.com электронды адресіне жолдауы тиіс.   Өзін-өзі таныстыру парағының үлгісі  
Аты-жөні Жасы Білімі Мамандығы Байланыс телефоны, эл.пошта адресі
         
  Байқауға қатысушылар www.tеrmincом.kz сайтындағы https://termincom.kz/alan электронды алаңға тіркеліп, 5-10 терминге балама ұсынуы шарт. ІІ кезең. 7-12 сәуір аралығында өтеді. Мұнда бірінші кезеңнен өткен байқау қатысушыларына тұрмыста жиі қолданылатын 10 шеттілдік терминнің қазақ тіліндегі сәтті аудармасын жасау тапсырылады. Тапсырма https://termincom.kz/alan-да 7 сәуір күні жарияланады. Бұл ретте бағалау көпшілік дауысы арқылы және қазылар алқасының пікірімен шешіледі. ІІІ кезең. 13-18 сәуір аралығында өтеді. Соңғы айналымға екінші кезеңнен іріктелген азаматтар қатысады. Олар белгіленген уақыт аралығында мәтін ішіндегі салалық терминдердің қазақы баламасын жасауы тиіс (термин саны 15-20).   Бағалау: Қазылар алқасы: - терминнің терминжасам әдістемесіне сәйкес болуына; - терминнің лексикалық, грамматикалық тұрғыдан дұрыс болуына; - терминнің қазақ халқының дүниетанымдық, мәдени болмысын танытуға уәжді қызмет ету деңгейіне; - салалық терминнің дефинициясының ашылуына; - терминнің барынша сөз тіркестерінен емес жеке сөздерден жасалуына; - тиісті саладағы жоғары қолданыс деңгейінің ықтималдығына ерекше мән береді.   Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: - байқауға 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады. - байқауға қатысушы өзін таныстыру парағын көрсетілген электронды адреске белгіленген уақытта жолдауы тиіс.   Байқау қорытындысы Байқау қорытындысы 20 сәуірде https://tilalemi.kz/ сайтында жарияланады. Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес электрондық үлгідегі диплом, алғысхатпен марапатталады.   Байланыс телефондары: 87172204541, 87017950243, 87752816206.