Магистраль көкжиекті кеңейтеді
Магистраль көкжиекті кеңейтеді
331
оқылды
Теміржол инфрақұрылымы нысандарына қызмет көрсету мен жөндеу процестері автоматтандырылады. Бір кездері үлкен әлеуметтік инфрақұрылымы мен тар­мақ­та­луына қарай теміржолды «Мемлекет ішіндегі мем­лекет» деп атағаны бар. Қайта құрылымдаудан кейін не­гізгі емес активтер ауқымды теміржол шаруа­­шы­лығынан шығарылды. Алайда қазірдің өзінде ел ау­мағында белдеу­дей созылған теміржол ел эконо­ми­касының жүйеқұрушы сала­сы болып қа­лып отыр. Мыңдаған шақырымдық жол­дың тұтасты­ғы мен жұ­мыс істеп тұруына «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі ди­рек­­циясы» фи­лиалы жауап береді, оны шойын жолдың омырт­қасы деп атауға болады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ инфрақұрылым жөнін­дегі бас­қа­ру­­шы директоры – «Магистральдық желі ди­рек­циясы» филиа­лы­ның ди­рек­торы Бауыржан Орынба­са­ров­ты шпалға бекітіле­тін әр болтқа бақылау орнататын тұлға деп бағалауға бола­ды.  

Теміржол шаруашылығындағы темірдей тәртіп

– Сіз басқаратын үлкен темір­жол шаруашылығында магистраль­дық, стансалық және арнайы жол­дар, бөлу пункттері, стансалар, сұрып­тау құрылғыларын басқару­дың автоматтандырылған жүйесі тә­різді сансыз сала бар. Осының бар­лығын басқару қиын шығар? – Теміржолда ең бастысы – тәртіп және жүйе. Біздің асы­ғыстық жасауға және «бай­қа­май қалыппыз» деуге қақы­мыз жоқ, өйткені осының барлы­ғы­­ның артында адам өмірі тұр. Жалпы алғанда, теміржол инфрақұрылымы вокзалдардан, электржабдықтаудан, белгі беру мен байланыстан, жол шаруашы­лық­тарынан тұрады. Соңғы жыл­да­ры ол жаңа желілерді салуға бай­ланысты инфрақұрылымдық жобалар есебінен және транзиттік тартымдылықтың артуымен кеңіді. Олар теміржол желісінің оңтайлы конфигурациясын құруға мүмкін­дік берді. Айталық, 2012 жылы салынған «Жетіген – Қорғас» теміржол желісі (293 шақырым) Қытаймен екінші өткел пунктін ашуға мүм­кін­дік жасады. Өз кезегінде бұл Қытай – Орталық Азия және Пар­сы шығанағы елдері бағытын­дағы жүк тасымалының қашық­ты­ғын 550 шақырымға қысқартты. Сол жылы «Өзен – Түркі­мен­стан­мен мемлекеттік шекара» те­мір­жол желісі (146 шақырым) жұ­мыс істей бастады. Ол Түркі­менс­танмен шекаралық өткелдің да­муына үлес қоса отырып, «Сол­түс­тік – Оңтүстік» халықара­лық көлік дәлізіне балама бағыт құрды. Жүк тасымалдау қашықтығы 600 шақырымға қысқарды. 2014 жылы пайдалануға тағы екі теміржол желісі берілді. «Жез­қаз­ған – Бейнеу» учаскесі (1045 шақы­рым) Орталық өңір мен Дос­тық стансасынан Қазақстан­ның батыс өңіріне жүктің тікелей шы­ғуына мүмкіндік жасады. Сөй­тіп, жүк тасымалының Еуро­па­ға шыға­тын жолы қысқарды. Ал «Арқалық – Шұбаркөл» желісінің арқасында көмір, тау-кен байыту, түсті металл өндірісі салалары орналасқан ірі аудандардың еліміздің батыс аймақтарымен, Ресей мен Батыс Еуропа елдерімен төтелей салын­ған көлік байланысы пайда болды. Мұның барлығы орташа 540 шақы­рым­дық жаңа желіге бағдарланған жүкті алып жүру уақытының қыс­қа­руы есебінен жүзеге асты. 2016 жылы ұзындығы 14 шақы­рым­дық Боржақты – Ерсай жаңа теміржол желісі салынды. Оның міндеті – Каспий порттары арқы­лы батыстық бағытта экс­порт­тық әлеуетті арттыру. Бұл желі Құрық па­ром­дық кешенін жұмыс істеп тұрған теміржол желісімен қосу қажеттігінен салынды. Ол Иран, Қытай, Ресей, ЕО елдері бағытына жүк тасымалдауды арттыру бойын­ша қолайлы жағдай туғызды.  width= 2017-2018 жылдары ұзындығы 113,7 шақырымдық «Алматы-1 - Шу» учаскесінің екінші жолы пай­да болды. Бұл пойыздардың жү­рісі уақытын қысқартуға, учас­ке­­нің өткізу және алып өту мүм­кін­дігін арттыруға мүмкіндік берді. – Айтпақшы, 2000-жылдардың ба­сында Қазақстан теміржолының пайдалану ұзындығы 13,6 мың ша­қы­рым болатын. Қазіргі кездегі оның қашықтығы қандай? Бүгінгі таңда жол шаруашылық­та­рынан, белгі беру мен байланыс­тан, электржабдықтаудан құралған теміржол инфрақұрылымы 21 мың шақырым жолға қызмет көрсетеді. Бұл жолдардың 4 мың шақырымы электрлендірілген (26%). Ал жал­пы теміржолдың құрамында 10 мың данасы қолдан салынған құ­ры­­­лыстар бар болса, соның 3,5 мың­нан астамы көпір. Өңірлік деңгейде теміржол же­лі­сі магистральдық нысан­да­ры­на 96 дистанцияны қосқанда, 26 фи­лиал қызмет көрсетеді. Оларда 46 мыңнан астам адам жұмыс іс­тей­ді. – Темір­жолды техникалық жа­рақ­­тан­ды­ру саласында Қазақ­стан­ның ТМД елдері арасындағы көр­сет­кіші қандай? – Егер техникалық жарақтан­ды­ру көрсеткіштеріне тоқталар болсақ, онда ТМД елдері ішінде біз «РЖД» ААҚ (Ресей) мен «Укрзалізниця» АҚ-дан (Украина) кейінгі 3 орын­ды иеленеміз. Дей тұрғанмен, ел аумағын теміржол желісімен қамту аумағы бойынша «РЖД» ААҚ мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ көрсеткіштері іс жүзінде бірдей. Ресейде 1 шаршы ша­қырымда 0,005 шақырым жол болса, Қазақстанда 1 шаршы ша­қы­­рым аумаққа 0,006 шақырым жол келеді. Қазақстан ТМД елдері ішінде техникалық жарақтандыру көр­сет­кіші бойынша нешінші орын­­да екенін нақты айтуға бол­май­­ды. Бізде экономикалық көр­сет­кіш пен географиялық жағдай­дың, мас­ш­табтың арасында түрлі айыр­ма­шылық бар. Өңірлерде темір­жол желісінің жоқтығына не­­месе болуына айтарлықтай ық­пал ететін өзге де факторлар бо­ла­ды. Тек Қазақстанның жаһандық логистикалық тізбекке интегра­ция­лануы мен өзге елдердің темір­жо­лымен үйлестіру жұмысы бел­­­­сенді жүріп жатқанын ғана айта аламын. Біздің мақсатымыз – трансқұрлықтық бағыттарға жаңа транзиттік жүк ағынын тарту. Оны транзиттік тасымалдың өсім қар­қынынан байқауға болады. Мысалы, соңғы 6 жылда ол 12 па­йыз­ға – жылына 17-ден 20 млн тон­наға өсті. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәлімет­те­ріне сәйкес 2019 жылдың қоры­тындысы бойынша елімізде жал­пы жүк айналымы 609 341 млн тон­на-шақырым құраса, соның ішін­де теміржол көлігімен 289 174 млн тонна-шақырым немесе 47,5 па­йы­зы тасымалданған. Бұл көр­сет­кіш теміржол желісінің ел эко­но­ми­касында айтарлықтай рөл ат­қа­ра­тынын растап отыр.    width=

«E - railways»

– Контейнерлік пойыздардың жыл­дамдығын арттыру бойынша теміржол инфрақұрылымының был­тыр қол жеткізген жетістіктері тура­лы айтып берсеңіз. – Ең маңызды міндеттердің бірі – контейнерлік пойыздар жыл­­дам­дығын арттыру. 2019 жылы біз 952 шақырым жолдың үстіңгі құрылымын жаңғырттық, соның 403 шақырымын күрделі жөндеу­ден өткіздік. Транзиттік бағыттар­дың 249 шақырым жолы мұқият жөнделді. Бұл жылдық көлемнің 62 пайызын құрайды. Кешенді жол машинасының ауыр түрімен 9 000 шақырым жолда жұмыс жүргізілді. Мүмкін, мен құрғақ сандарды сапырып отырғандай көрінермін, бірақ сол сандар шойын жолдың қан­шалықты сенімді екенін көрсе­тіп тұр. Осындай шаралар жолау­шы­лар пойызы үшін жылдам­дық­ты орташа 1 105 шақырым арт­тыруға мүмкіндік берді. Мыса­лы, «Тұлпар–Тальго» өндірісінің ва­гондары 596 шақырым, ал кон­тей­нерлік пойыздар 1 872 ша­қырым жылдам жүретін болды. Сөз реті келгенде айта кету ке­рек, мұның барлығы Қытай – Еу­ропа мен Еуропа – Қытай ба­ғыт­тарына контейнерлік пойыз­дар жылдамдығын 10 және 20 пайыз арттыруға мүмкіндік берді. – «Қазақстан темір жолы» ком­па­ниясы «Цифрлы трансформация» бағдарламасын белсенді іске асы­ру­да. Трансформация шеңберін­де қан­дай жобалар жүзеге асырылып жатыр? – Біздің құзырымызда үш жоба бар. Біріншісі, «Магистраль» АБЖ шеңберінде «Мобильді диагнос­тикалық құралды ендіру» деп аталады. Яғни, біріншіден, біз 2019 жылдың мамырынан шегіністер мен ақаулардың пайда болу тәуе­келдерін анықтау кезінде «адам факторын» минимумға түсі­руге тырысып келеміз. Жол шаруашы­лығының диагностика­лық блогы алты мобильдік диагнос­тикалық кешенмен толығуы есебінен даму­да. Олар рельстік табанның гео­метриялық жағдайына мони­торинг жасауға және темір­жол желісін кешенді диагностикалауға арналғанын атап өткім келеді. Үш мобильдік диагностикалық кешен жарты жыл бұрын жұмыс істей бастады. Осы айда (2020 жылдың ақпанында) қалған үш данасының қосу-реттеу жұмыс­тарын жүргізу жоспарлануда. Осындай диагностика өтіп жатқан пойыздардың, ауа райының және өзге де факторлардың ықпалымен жолда болатын өзгерістің себебін түсінуге және анықтауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде бұл пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтама­сыз етуді жақсартуға тікелей ықпал етеді. Екіншіден, «Пойыздар қозға­лы­сын басқару орталығы» жобасы шеңберінде Илецк теміржол тора­бы мен Орал жол бөлімшесінің учаске­лерінде микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандыру (МП ДОАЖ) енгізілген. Әбден тозған және моральдық ескірген ДО жүйелерінің орнына өзіміз әзір­леген заманауи микропроцес­сор­лық құрылғы келді. Бұл жыл­жы­­малы құрам жағдайын орта­лықтан бақылауды, ақпарат­тар­ды жинауды, өндеуді айтарлықтай жедел жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Үшіншіден, 2019 жылы Павло­дар магистральдық желі бөлімшесі шекарасының шегінде «ТОиР» АБЖ тәжірибелік пайдалану енгі­зіл­ді. Жүйе ХТЖ пайдалану инф­ра­­­құрылымы нысандарын ұстап тұруды басқарудың автомат­тандырылған жүйесін енгізу және құру үшін керек. Ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ инфрақұрылымдары нысан­дарын жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді үздіксіз етуге, жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шығындарын қысқартуға, қызмет тиімділігі мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. –  Өткен жылдың соңына таман Үкімет 2020-2025 жылдардағы инф­ра­­құрылымдық дамудың мемле­кет­тік бағдарламасын бекіт­кен бола­тын. Онда теміржол инфра­құры­лымын дамытудың нендей негізгі бағыттары көрініс тапқан? – Оған «Достық – Ақтоғай – Мойынты» учаскелерін жаңғырту енгізілген. Ол 213,2 млрд теңгеге түседі. Жобаны жүзеге асыруды 2023 жылы бастаймыз. Бұл Қазақ­стан аумағы бойынша өтетін «Қы­тай – Еуропа» негізгі транзит­тік дәлізінің бөлігі. Біз «Достық – Ақтоғай – Мойынтыға» үлкен үміт артамыз. «Қытай – Еуропа» транзиттік жүк ағынының айтарлықтай арта­ты­ны­на сенімдіміз. Болжам бойын­ша, 2019-2024 жылдар кезе­ңінде Достық стансасы бойынша Қазақ­стан мен Қытай арасындағы тасы­мал көлемі жыл сайын 2,5-тен 4,5 па­йыз­ға дейін артады. Ал әзірге біз «ҚТЖ» ҰК» АҚ өз қаржысы есебінен 2024 жылға дейін болжанған көлемді қамтама­сыз ету үшін «тар» орындарды жою­ға бағытталған басты іс-шара­ларды белгілеп қойдық. Бұдан басқа, 2020-2025 жыл­дар­ға арналған «Нұрлы жол» Инфра­­құрылымдық дамытудың мем­лекеттік бағдарламасы шеңбе­рін­де «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2022 жылы жүзеге асырыла бастайтын жал­пы құны 162,9 млрд теңгелік ұзын­дығы 526,7 шақырым «Мо­йын­ты – Ақтоғай» теміржол учас­­­кесін электрлендіру қарасты­рыл­ған. Бұл жобалар жүк тасымалы уақытын қысқартуға ғана емес, им­порттық мүмкіндіктердің кең­еюі­не, сол сияқты транзиттік әле­уетті дамытуға айтарлықтай қар­қын береді.    width=

Теміржол өзінің әлеуметтігімен мығым

– Адам капиталы, жас маман­дар­ды қолдау... Осы әлеумет­тік мәсе­лелер қашанда маңызды. Сіздер осы мәселелерді қалай шешіп жатырсыздар ? – Бізде стратегиялық және кадрлық резерв қалыптасқан. Олардың сабақтастығының жос­па­ры бекітілген. Әрине, біз қа­шан­да жастарға иек артамыз. Олардың қатары бізде 13 мың адам. ОТЖ өндірістік бағытын қаперге ала отырып, біз жыл сайын М.Тыныш­паев атындағы ҚазККА түл­екте­рі­мен жас мамандарға де­ген қажет­тілікті толтырып келеміз. 3,4,5 класты стансаларға, озу пункті мен разъездерге жұмысқа келген жас маман – теміржол­шы­лар­ға алғашқы екі жыл жұмысы кезеңінде жалақысына қосымша қосылады және орнығуы үшін материалдық көмек көрсетіледі. Жыл сайын Жастар күнінде «Мерейлі жас теміржол отбасы» сайысының жеңімпаздары деп танылған компания филиал­дары­ның жас қызметкерлеріне мате­риал­дық көмек көрсетіледі. Компания өз зейнеткерлерін де назардан тыс қалдырған емес, олардың қатары 15 мыңнан астам. Біздің қызметкерлеріміз бен зей­нет­керлеріміз Қазақстан ши­па­жайларында жыл сайын дема­лып, денсаулықтарын түзейді. Жұмыс­шыларымыздың балалары да сырт қалған емес. 2019 жылы жазғы демалыста екі мыңнан астам бала емдеу-сауықтыру орталықтарында тынығып қайтты.  

Теміржолшылар VS қалың қар

– Биылғы қыста боран мен бұрқа­сын көп болды. Өмір бойы темір­жолда жұмыс істеп келе жатқан жан­дар мұншама қар 1964 жылдан бері жаумағанын айтады... – Біздің барлық қызметкеріміз қармен күресуге жұмылдырылды. Табиғи апатпен күреске, әсіресе Ақтөбе, Шығыс–Қазақстан, Қара­ғанды және Қостанай облыс­та­рында екпін берілді. Ондағы темір­жолшылар тәуліктік режимде қалың қар мен күшті боранның салдарын жоюға қатысып жатыр. Осының арқасында, орын алған қиындыққа қарамастан, пойыз­дар­дың үздіксіз әрі қауіпсіз қозға­лысы қамтамасыз етілуде. Жол монтерлері мен өзге де теміржол кәсіпорындарының жұмысшы­лары теміржолда пойыздардың жүру кестесінің бұзылуына жол берген жоқ. Магистральдық желілерде тек қаңтардың соңғы аптасында ғана қар­дан аршу және қар күреу техни­ка­сының барлық түрі 1 075 рет жолға шығып, 43 709,3 шақы­рым жол тазартып, 334 685 текше метр қар шығарылды. Жолдар мен ба­ғыт­­тамалы бұрмаларды тазарту үшін жол шаруашылықтарының 15 мың­нан астам жұмысшысы және өзге де теміржол ұйымдарының төрт мыңға тарта қызметкері тар­тылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппараты мен оның еншілес ұйым­­дарының қызметкерлері қар күреу ісінен сырт қалмады. 700-ден астам адам өткен аптада «Нұр - Сұлтан» және «Қырқыншы» стан­­са­ларында қар күреуге шық­ты. Осы күндері түсіністік пен жанқиярлық танытқан барлық теміржолшыға алғыс білдіре­мін. Жұмылған еңбектің арқасында пойыздар уақытылы жүріп, жүктер кестеге сәйкес жеткізіліп келеді.   Сая ЗАГИПОВА, Нұр-Сұлтан қаласы.