Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 294-ке жетті, деп хабарлайды Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті.
«30 наурыз сағат 15:00-дегі жағдай бойынша, елімізде коронавирус жұқтырудың 294 фактісі тіркелген. Оның 68-і сырттан жұқтырып келсе, 123 оқиға - науқаспен байланысқан адамдарда тіркелді. 103 оқиға - жергілікті аумақта жұқтырған», - делінген комитет хабарламасында.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында – 167, Алматы қаласында – 73, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысы – 9, Ақтөбе облысында – 2, Алматы облысында – 7, Атырау облысында – 12, Шығыс Қазақстан облысы – 2, Жамбыл облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 2, Қарағанды облысы – 7, Қызылорда облысы – 5, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам коронавирус жұқтырған.