Коронавирус инфекциясымен күрес кезеңінде Қазақстанның 7 мыңнан астам азаматы елге жеткізілді, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
«Мемлекеттің өз азаматтарына деген қамқорлығы осындай қиын кезде көрінеді. Президенттің тапсырмасымен, 18 наурыздан бастап, шетелдегі 7702 Қазақстан азаматын мемлекет өз күшімен елге әкелді. Мемлекет тағы 752 азаматты әкеледі. Бұл Мемлекет басшысының ерекше бақылауындағы мәселе», - деді министр «Хабар 24» телеарнасындағы онлайн брифингте.
Сондай-ақ, министр коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлердің айына 1 миллион теңгеге дейін үстемеақы алатынын айтты.