99 адам жолда өлді
99 адам жолда өлді
293
оқылды
Осы жылдың бірінші айын­­да ғана Қазақстан жол­дарында 99 адам қаза тапқан. Барлық жол-көлік оқиғала­ры­ның ша­­мамен 30%-ы Алма­тының үлесінде. 2020 жылғы қаңтарда 908 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 1,3 мың адам зардап шегіп, 99 адам мерт болды. Жолдағы жазатайым оқиғалар са­ны жөнінен «қаралы көшті» Алатау бөктеріндегі алып мегаполис бастады: қалада 259 ЖКО болған. Одан кейінгі орында Алматы облысы (119) және ШҚО (80) келеді. Жалпы алғанда, 2019 жылы Қа­зақ­станда 16,6 мың жол-көлік оқиғасы бол­ды. Яғни, көбейген. Себебі 2018 жы­лы бұл көрсеткіш 15,8 мыңды құраған. Бір жыл ішінде жолда мертіккендер саны да 9,1 пайызға артты және 24,6 мың адамға жетті. Оның ішінде 22 мың 180 адам жарақат алған. 2019 жылы 2,4 мың адам жолда жантәсілім етті. 2018 жылы жараланғандар саны 20 мың 445 адамды құраған. Оның 2 096-сы опат болды.   Ерік ЕРДЕН