Карантин талаптарын сақтасақ, коронавирусты тоқтатамыз - Біртанов
Карантин талаптарын сақтасақ, коронавирусты тоқтатамыз - Біртанов
© сурет интернеттен алынды
169
оқылды
Карантинде өзімізді дұрыс ұстасақ, аталған инфекцияны тоқтатамыз, -  деп мәлімдеді онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. «Карантин шаралары өте маңызды. Біріншіден, көшеге шықпай, үйде отыруыңыз керек. Қазіргі уақытта көп қалаларда үлкен ғимараттар, дүкендер жабылуда. Барлық жұмысшылар мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс. Жұмыста инфекция жұқтырудың алдын алу үшін осындай шаралар қолданып отырмыз», - деді министр Екіншіден, көшеге ары кетсе екі адам болып шығуға рұқсат, бірақ кей қалаларда бұл да өте қауіпті. Мүмкіндік болса, осы екі аптада көшеге мүлде шықпаған жөн. «Ауылдық жерде үлкен отбасында тұратындар қарт адамдарды бөлек бөлмеде ұстап, өздеріңіз де бөлек бөлмеде отырғандарыңыз дұрыс. Карантинде өзімізді дұрыс ұстасақ, аталған инфекцияны тоқтатамыз. Екі апта, екі адам, екі метр – осы талаптарды сақтауымыз керек», деп атап өтті министр.