Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3500-ден аспайды - министр
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3500-ден аспайды - министр
© сурет интернеттен алынды
5,186
оқылды
Елімізде наурыз, сәуір, мамыр айларында коронавирус жұқтырғандар саны 3500-ге жетуі мүмкін, - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. «Коронавирусқа қатысты болжам жасау өте қиын, себебі ол көптеген факторға байланысты. Ең бастысы – карантин шараларын сақтау керек. Коронавируспен ауырған адам оны тағы 3-4 адамға жұқтыруы мүмкін, сол себепті теориялық тұрғыда халықтың басым бөлігі ауру жұқтыруы мүмкін. Бірақ қабылдаған карантин шарасы бұл қауіпті 50%-ға азайтты. Қазіргі қабылданып жатқан шаралар болжамдарға әсер етеді», - дейді ол. Оның айтуынша, жалпы алғанда наурыз, сәуір, мамыр айларында елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 3500-ден аспайды. «Біз осы болжам негізінде шешім қабылдаймыз, яғни осыншама адамға арналған төсек-орын дайындалды. Қосымша төсек-орын да бар. Осы санға сәйкес дәрі-дәрмек дайын тұрады. Сәуір айында эпидемияның шарықтау шегінен өтеміз, ары қарай инфекция тасымалдаушылар санын азайту мақсатында карантин шараларын жалғастыра береміз», - дейді Елжан Біртанов.