COVID-19 аяғы ауыр әйелден баласына жұға ма?
COVID-19 аяғы ауыр әйелден баласына жұға ма?
© сурет интернеттен алынды
201
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн брифингте «CОVID-19 аяғы ауыр әйелден баласына беріле ме?» деген сұраққа жауап берді. «Құдайға шүкір, қазіргі уақытта мұндай жағдай тіркелген жоқ. Болмай-ақ та қойсын. Дегенмен, біз барлық ақпараттан қалыс қалмай, халықаралық талапқа сай сақтық шараларын қарастырып жатырмыз. Әрине коронавирус індеті өкінішке орай, кішкентай балаларды да айналып өткен жоқ. Вирус жұқтырған балалар бар. Жалпы вирус жұқтырған кез келген жастағы науқастарға көмек көрсетуге дайынбыз», – деді министр. Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 302-ге жеткенін хабарлаған болатынбыз.