Қылмыстық топ құрықталды
Қылмыстық топ құрықталды
269
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында 4 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға аударған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы «Шығыс Қазақ­стан және Павлодар облысында ақшаны заңсыз қолма-қол ақ­шаға айналдырған ұйымдасқан топ құрықталды», – деп хабар­лады ШҚО Экономикалық даму департаменті. Заңды белден басқандар жалған есеп фактураларын заң­сыз берумен айналысқан. Топ ұйымдастырушылары 2018-2020 жылдар аралығында 9 ме­кеме құрған. Қылмыстық топ­тың бақылауындағы кәсіпо­рын­дар қызметінің жалпы айналымы 4 миллиард теңгеден асыпты. «Кәсіпорындарды және сотта­лушылардың тұрғылықты жерін тексеру нәтижесі бойынша, есепке алу құжаттары, мөр, компьютерлер мен криптогра­фиялық кілттер, чек кітап­шала­ры және 9 миллион теңге ақша анықталды. Ұйымдасқан қыл­мыстық топ мүшелері қа­мауға алынды. Бүгінде Қылмыс­тық кодекстің 262-бабының 1-бөлігі, 216-баптың 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыс­тары басталды» дейді де­пар­тамент өкілдері. Айта кете­йік, бұл 2020 жылдың басынан дәл осындай іспен айналысқан екінші ұйымдасқан қылмыстық топ. Бұған дейін Ұлттық қауіп­сіздік комитеті Нұр-Сұлтан, Қа­рағанды және Алматы қалала­рында арнайы операция жүргі­зіп, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп 17 адамды тұтқын­да­ған болатын. Комитет өкілдері оларды ел экономикасына ай­тарлықтай залал келтірген деп отыр. Олар 300 миллиардтан ас­там ақшаны заңсыз шыға­рып­ты. Осылайша, салықтан жал­тарып, мемлекет бюджетіне ай сайын 3 миллиард теңгеден шы­ғын келтіріп отырған. Соны­мен қатар шетелдік және ұлттық валютадағы қаражаттың ірі со­масын аударып отырғаны да бел­гілі болды. Арнайы операция нәтижесінде олардан бірнеше ноутбук, кассалық аппарат, жал­ған мөр мен құжаттар тәркіленді.   Әділ БЕК