Кәсіпкерлер қолдау білдіріп жатыр
Кәсіпкерлер қолдау білдіріп жатыр
217
оқылды
Бүгінде коронавирус инфекциясының жер жүзіне өте жылдам қарқынмен таралуы әлем жұртшылығын алаңдатып отырғаны мәлім. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дер кезінде елімізде төтенше жағдай жариялап, дертке қарсы күресті күшейту жөнінде бірнеше тапсырма берді. Бұл бойынша қазіргі кезде мемлекет тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Ол үшін бірінші кезекте қарапайым халық сақтық шараларын қолға алып, қатаң тәртіпке бағынғаны жөн. Бұл өте маңызды. Дәл осындай қысылтаяң шақта еліміздің жанашыр азаматтары да жомарттық танытып, көмек қолын созуда. Солардың бірі – Uniserv ЖШС бас директоры, Nur Otan партиясы депутаттық фрак­­­циясының мүшесі, батыс қа­зақ­стан об­лыс­тық мәслихат депутаты Нұ­р­ғазы Сатбаев. Nur Otan партиясының Тө­рағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен бастау алған, «Кедергісіз кел­е­шек», «Бақытты отбасы» және «Ар­дагерлерді ардақтайық» пар­­тиялық жобалары аясында ұйымдастырылған #BizBirgemiz pеспубликалық акциясына қолдау білдірген танымал кә­сіп­кер акция аясында өз қа­ражаты есебінен қорға 10 миллион теңге аударды. Партияның белсенді мүше­сі Нұрғазы Сатбаев бұған дейін де бірнеше отбасыға үй салып беріп, қайырымдылығымен та­нылған азамат. Қиын-қыстау ке­зеңде халқына көмек көр­сету­ді міндеті санайтын осын­дай жанашыр азаматтардың ар­қасында біз кез келген сын­нан сүрінбей өтеріміз анық.
– Халқымыз ауыр індетпен кү­ресіп жатқан сәтте көмек қолын созуды өзімнің азамат­тық, перзенттік парызым са­надым. Елбасы Үндеуінде кә­сіпкерлерге маңызды ой тас­тады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз әрқайсымыз өз міндетімізді жауап­кершілікпен орындасақ, бұл қиындықтан тезірек шыға­мыз» деген болатын. Ен­де­ше әр азамат төтенше жағдай­дағы ережені сақтап, ресми өкілдер мен дәрігерлердің ескертпесін мұқият орында­ға­ны жөн. Жұ­ды­рықтай жұ­мыл­сақ, бұл қиын­дықты да ең­сереміз, – деді Нұрғазы Сат­баев.
Өзге аймақтардағы кәсіп­керлер мен жекелеген азамат­тар да тұрғындарға қайырым­дылық жасап жатыр.  

А.ЖАСАНҰЛЫ