«Ұлттық бірыңғай тестті тапсыру кейінге шегерілмейді» – Асхат Аймағамбетов
«Ұлттық бірыңғай тестті тапсыру кейінге шегерілмейді» – Асхат Аймағамбетов
Фото: Интернеттен алынды
140
оқылды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар орталығында қашықтан оқуға байланысты брифинг өткізді. Министрдің айтуынша, 6 сәуірден бастап мектеп оқушылары қашықтан оқуы үшін барлық жағдай жасалады. Компьютері жоқ, жетпейтін аймақтар үшін қосымша 80 мың компьютер (планшет те қарастырылған – ред.) сатып алынады. Бұл мәселемен әр аймақта жергілікті әкімдік жұмыс жүргізеді.
«Қашықтан оқытуға келер болсақ, ауыл мектептеріне және шалғайдағы шағын жинақты мектептерде оқитын балаларға қиын болады. Сондықтан ең басты назарды осы мәселеге аударып, тиісті жұмысты бастап кеттік. Жұмыс жалпы қалай жүргізіледі деген сауалға жауап беретін болсақ, 4 бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Соның бірі – теледидар арқылы тиісті сабақтарды беру. Қазіргі уақытта жұмыс жүргізіліп, республикалық 2 телеарна «Балапан» мен «Ел арна» телеарнасы басшылығымен келісімге келдік. Біз осы телеарналар арқылы сабақтарымызты тиісті кесте бойынша күніне 8 сағат береміз», – деді министр.
Оның айтуынша,  IV тоқсанды қамту үшін 3 360 сабақ түсіру керек. Қазіргі уақытта осы сабақтардың 300-ден астамы түсіріліп, дайын тұр. Ол сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлерге де оқушылар  IV тоқсанда үзіліссіз оқу үшін көмектесіп жатқанына алғыс айтты. Қашықтан оқу білім сапасына кері әсер етпейді. Аудан, қала орталығынан шалғайда орналасқан ауылдардың оқушылары арнайы бөлінген көлікпен қамтамысз ету де қарастырылған. Министр каратин мерзімінің аяқталуы кезеңі нақтыланбағандықтан, оқу жылының соңында Ұлттық бірыңғай тест тапсыруда  қазірге өзгерістер жоқ екенін айтты.