Оның айтуынша, Қазақстанда екі жүз он екі мыңға жуық шаруақожалық пен фермерлер бар. Қазір Солтүстіктен басқа жылымық түскен облыстарда егістік басталып кеткен. «Оңтүтікте жаппай көктемгі дала жұмыстары жүріп жатыр. Мәселен, Жамбыл облысында қант қызылшасы, арпа себуін бастады. «Көктемгі әрекет – күзгі берекет» дегендей ауыл адамдары дән екпесе, өнім болмайды. Ол дегеніміз – мемлекеттің әлсіреуі. Себебі, мемлекеттің негізі – ауыл. Ол болмаса, қала тұрғындары азықсыз қалады. Сондықтан диқаншылар уақытпен санаспай, күндіз түні егінін егіп, жерін өңдеп жатыр. Өкімет те қарап жатқан жоқ. Ауыл шаруашылыққа байланысты қиындықтарды шешуге «Антикризисный комитет», сақтандыру қорлары, Ауыл шаруашылық министрлігі атсалысуда.
– Шаруашылықтың барлығы тұқыммен қамтылды. Мәселен, жеңілдетілген жанар-жағармай да уақытында берілді, – деген төраға елдегі қатаң тәртіпті ұстана отырып, қазақстандықтардың бірлігі мен ұйымшылдығының арқасында қиын кезеңді өткеретіндігіне сенім білдірді.