Волонтерлар қарап қалмады
Волонтерлар қарап қалмады
Сурет ғаламтордан
249
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласы Бай­қоңыр ауданында тұ­ратын үшем­нің тағдыры туралы «Айқында» бірнеше рет мә­селе көтер­дік. Осы жолы үйде жалғыз қалған көпба­лалы ана үшемнің ішер асын алып келуге сыртқа шы­ға алма­ды. Себебі қа­ла­да жұмыс тоқтаған соң отағасы Со­фиевка ауы­лына мал ба­ғуға кеткен. Ал жағдайды ес­тіген во­лонтерлар Ме­рей Жай­саң­қызына көмек көрсетті. Елордада карантин кезінде шарасыз күйде қалған кісілер­ге көмек қолын созып жүрген 200-ге жуық волонтер бар. Олар #Bizbirgemiz акциясы аясында үшемге барып, керек-жарақпен қамтамасыз етіп қайтты. Қазір олар арнайы тізім жасаған. Сол бойынша мұқтаж отбасыларға тәулік бойы қызмет көрсетуге дайын. Үшемнің анасы да сүйінші хабарды қуана жеткізді. Волон­терларға алғысын білдіріп, жұмы­сына сәттілік тіледі. Қала тұрғын­дарына 30 мыңға жуық медици­на­лық маска таратқандарын да ес­ті­ген екен. Үйіне келген ерікті аза­мат­тарға ешкімді бейжай қал­дыр­май, қажетті заттармен қамта­ма­сыз еткеніне риза екенін жеткізді. Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты басқармасының басшы­сы Дәулет Кәрібектің айтуын­ша, ­во­лонтерлар іске бел шеше кі­ріскен. Мұқтаж әр жанды ті­зімдеп, түскен қоңырауға қуана жауап береді. Де­генмен соның ішінде көпбала­лы болса да, жағ­дайы жақсы от­басылар бар екен. Үй-ішінің сы­рына қаныққан олар алып келген затын кері алып кеткенде, адам­дардың эмоциясын ұстай алмай­тынын айтады. Тіпті, арасында қар­ғап-сілейтіндер бар екен. Бірі – қорап ішіндегі күріш пен мака­ронның сортына сын айтса, екін­шісі – ықыласпен қа­былдайды. Бірақ волонтерлар үшін  қала тұрғындарының каран­тинді сақтап, денсаулығына сақ­тықпен қарағаны керек.  

Айбике ЖАНАСЫЛ