Жазасын өтеп жатқан азаматтар күніне 50 мың дана бетперде тігуде. Сонымен қатар олар құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған қорғаныш киімін тігуді жолға қойды. Бұл туралы Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
«Темір торда жазасын өтеп жатқан азаматтар күніне 50 мың дана бетперде тігуде. Сонымен қатар құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған қорғаныш киімінің өндірісін жолға қойды. Бұл азаматтар құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорғаныш құралдарымен қамтып, коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатуға үлестерін қосуда», – деді министр.
Сонымен қатар полицейлер инфекция жұқтырған азаматтарды іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі кезде осындай 47 адамға іздеу жарияланған.