31 наурыз 18.00-дегі жағдай бойынша Birgemiz қоғамдық қорының есеп-шотына 13 087 285 544 теңге түсті.
Соның ішінде Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қорынан, ЦАТЭК Green Energy ЖШС (600 000 000 теңге), BI Urban Construction ЖШС (440 000 000 теҢге) секілді заңды тұлғалардан және тағы басқалардан қаражат түсті. Жеке тұлғалардан да қаражат түсіп жатыр.
Сондай-ақ бүгінгі таңда елордада, барлық облыс және қалаларда Birgemiz өңірлік қорлары құрылған.
Birgemiz қоғамдық қорының төрағасы Руслан Сакеевтің айтуынша, қаржының барлығы ерікті түрде жиналады. Мемлекеттік ұйымдардан қаражат алынбайды. Қазіргі уақытта көмек алушылар нақтыланып жатыр. Бұл ретте ақшаның қайда жұмсалғанын ашық жариялауға ерекше көңіл бөлінеді.
Еске сала кетейік, Елбасының тапсырмасымен бірінші болып Birgemiz қоғамдық қорына Тұңғыш Президент қоры Қазақстандағы коронавирус инфекциясымен күресу үшін 200 миллион теңге бөлді. Nur Otan партиясы 150 миллион теңге аударған болатын.