Біз төтенше жағдай жариялап, коронавирустың Қазақстанда одан әрі таралуына жол бермедік - Тоқаев
Біз төтенше жағдай жариялап, коронавирустың Қазақстанда одан әрі таралуына жол бермедік - Тоқаев
© сурет интернеттен алынды
159
оқылды
Қазақстан Президенті телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жасап, елді сабырға шақырды. "Бұрын соңды  болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отырмыз. Коронавирус індеті  дүниежүзін жайлап барады. Бүгінде 177 мемлекетте  800 мың адам дертке шалдықты. Оны жұқтырғандар саны күннен күнге өсуде. Біз төтенше жағдай жариялап, Қазақстанда одан әрі таралуына жол бермедік. Соның арқасында бақылауда ұстап отырмыз. Халқы Қазақстанмен шамалас елдерде коронавирусқа шалдыққандар ондаған есе көп", -деді Президент.