Азық-түлікті тегін алатын азаматтар саны артады, - деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде.
«Тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтар көбейеді. Мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да көмек ала алады. Тегін азық-түлік 800 мыңнан астам адамға беріледі», - деді Президент.