Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының маңында (ауылдарда) еңбекке жарамды азаматтар 2 минималды айлық көлемінде ақша берілетінін хабарлады.
«Қазіргі уақытта карантинге байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының маңында еңбекке жарамды азаматтардың көптігі байқалады. Ең алдымен жастар көп. Сондықтан Үкімет пен әкімдер дәл осы аймақтарда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде нақты жобаларды бастауы керек. Азаматтарда ақша табу мүмкіндігі болуы тиіс. Олар жабылып қалған шлагбаумда отырмауы тиіс», - деді Мемлекет басшысы халыққа үндеуінде.
Президент еңбекке жарамды азаматтарға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жұмысқа келгеннен-ақ 2 минималды айлық көлемінде көтерме ақы берілетінін (85 мың теңге) жеткізді.
«Бұл айлыққа қосымша ақы ретінде беріледі», - деді ол.