Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің коронавирусты жеңетініне сенім білдірді.
«Өмір бәрімізді оңайға түспейтін жағдайға қалдырғанын түсінемін. Бірақ коронавирус эпидемиясы – уақытша құбылыс. Біз міндетті түрде оны жеңеміз. Біздің елдің бірлігі, ынтымағы барлық қиындықты еңсеру жолында сенім береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық арналардан халыққа арнаған мәлімдемесінде.
Сонымен қатар Президент коронавирус жұқтырған азаматтарды да ұмыт қалдырған жоқ.
«Коронавируспен ауырған азаматтарға қолдау білдіргім келеді. Уайымдамаңыздар! Бұл ауру қанша қауіпті дегенімен жанқиярлық үрейлі емес. Одан жазылып кетіп жатқандар бар. Біз – мемлекет пен қоғам сіздерге көмектесу үшін қолымыздан келгенше аянып қалмаймыз», - деді Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 340-қа жетті.