Балаларға екі жасанды өкпе вентиляциясы аппаратын тарту етті
Балаларға екі жасанды өкпе вентиляциясы аппаратын тарту етті
303
оқылды
«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Өмір сыйлайық» жобасының аясында «Шеврон» компаниясының қаржылық қолдауымен Алматы қаласы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жалпы сомасы 71,8 млн теңгені құрайтын Humming Vue маркалы екі жаңа жасанды өкпе вентиляциясы аппаратын Қазақстанда COVID-19 ауруымен күресу мақсатында тапсырды. «Шеврон» компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Жанар Қошпанованың айтуынша, осы жабдық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлеріне тезірек және тиімдірек көмек көрсетуге мүмкіндік береді, өйткені жансақтау бөлімінде бір минутты да жоғалтуға болмайды. «Бүгінгі таңда ірі бизнес пен Қазақстанның үкіметі жаңа коронавирустың таралуын тоқтату және ауырғандарға жазылуға көмектесуге бар күшін салуда. Орнатылған ИВЛ аппараттарымен қоса дәрігерлер оны пайдалануды үйреніп, кепілді техникалық қолдауға ие болады. Біз жаңа ИВЛ аппараттары тек пандемия кезінде ғана емес, дағдылы жағдайда да балалардың өмірін сақтауға көмектеседі деп сенеміз. «Шеврон» компаниясының атынан мен барлық қазақстандықтарға зор денсаулық және осы күрделі кезеңнен аман-есен өтуге күш-қуат тілеймін», – деді Жанар Қошпанова. Humming Vue ИВЛ аппараттары соңғы буынға жатады және қысымды 13 микрон деңгейінде бақылауға көмектеседі, бұл балаларды баро-жарақаттау қаупін азайтып, респираторлық терапияның клиникалық тиімділігін арттырады. Оларды стерильдеу өте оңай және кейін қайта мөлшерлеуді талап етпейді, бұл оны келесі пайдалануға дайындау уақытын айтарлықтай қысқартады. Бұл аппараттар режимдерді ауыстырып қосу кезінде әртүрлі тыныс беру контурларын ажыратпай немесе ауыстырмай пациенттердің өкпесін желдетуге мүмкіндік береді. Барлығын бір контурда іске асырып, ауыр гипоксия қаупінің артуына жол бермейді.