Мобильді интернет шалғай аудандарға да жеткізілді
Мобильді интернет шалғай аудандарға да жеткізілді
176
оқылды
Huawei компаниясының ауыспалы төрағасы Эрик Сюдың айтуынша «Сыртқы қысымның үлкен болуына қарамастан, біздің команда клиенттеріміз үшін құндылықты қалыптастыруға ерекше назар аударды. Біз олардың және бүкіл әлемдегі серіктестеріміздің құрметі мен сенімін арттыру үшін көп жұмыс жасадық. Бизнес тұрақты болып қала береді». Бүгінде бұл компанияның бизнес көрсеткіштері жақсы екені белгілі. Өйткені, компанияның дүниежүзілік сатудан түсетін кірісі 2019 жылы 858.8 млрд юаньды құраған. Өткен жылмен салыстырғанда 19.1%-ке көбірек, таза пайдасы - 62.7 млрд юаньға жеткен.  Ұзақ мерзімге жалғасып келе жатқан технологиялық инновациялар мен зерттеулер инвестицияларының бір бөлігі ретінде Huawei-дің 15,3% пайызы ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлді. Соңғы онжылдықта компанияның ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі 600 миллиард юаньнан асады. Бұл деген компанияның тұрақты көрсеткіштері тұтынушылар мен қоғам үшін үлкен құндылықтар құруға ұмтылуының белгісі. Былтыр компания бүкіл әлем бойынша байланыс операторларымен бірге 5G бірлескен инновациялық орталықтарын құрып, Huawei компаниясының RuralStar базалық станциясының шешімдері шалғай аудандардағы қамту мәселелерін шешті. Енді мобильді интернетті шалғай аудандарда тұратын 40 миллионнан астам адамға жеткізе отырып, 50-ден астам елде және аймақтарда қолданылады. Әлем бойынша 700-ден астам қала мен Fortune Global 500 тізіміндегі 228 компания Huawei-ді сандық трансформация серігі ретінде таңдады. Осы стратегия аясында компания әлемдегі ең жылдам AI (Ақылды Интеллект) процессоры - Ascend 910 және AI оқу кластерін - Atlas 900ді шығарды.