Нұр-Сұлтанда тұрғын үйлердің 15 кіреберісі карантинге жабылды
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйлердің 15 кіреберісі карантинге жабылды
5,179
оқылды
Нұр-Сұлтанда әртүрлі тұрғын үй кешендерінің 15 кіреберісі карантинге жабылды, - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі. Короновирус жұқтырғандар стационарда. Олармен байланыста болған адамдар анықталды. Кіреберістерде дезинфекция жүргізілді. Тұрғындар үй карантинінде. Оларға үйден шығуға тыйым салынады. Басқа адамдарға да баруға болмайды. Аумақ қоршалды. Зертханалық зерттеулер мен барлық жақын байланыста болған адамдардың деректерін өңдегеннен кейін бас санитар дәрігердің шешімі бойынша кіреберісте карантин алынады. Қазақстанда қазір коронавирус жұқтырғандар саны 375-ке жетті, коронавирустан сауыққандардың саны - 24 адам, оның 16-сы - Нұр-Сұлтан қаласында, 3 адам қайтыс болды.