Алматы қаласы мен Жамбыл облысында тағы да covid-19 дертін жұқтырғандар анықталды
Алматы қаласы мен Жамбыл облысында тағы да covid-19 дертін жұқтырғандар анықталды
184
оқылды
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi. Оның төртеуі Алматы қаласының тұрғыны болса, екеуі Жамбыл облысының азаматтары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2 сәуір, 00:05 уақыты бойынша елімізде 386 адам covid-19 дертін жұқтырды. ⠀ Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам, Алматы қаласында – 90 адам, Қарағанды облысында - 15 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 16 адам, Жамбыл облысында -5 адам, Шымкент қаласында - 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 5 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 25 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 5 адам, жалпы 386 науқас тіркелді.