Ауыл жастары бөгде адамдарды ауылдарына кіргізбейді
Ауыл жастары бөгде адамдарды ауылдарына кіргізбейді
Фото: Интернеттен алынды
155
оқылды
Қырғызстанның Ош облысындағы Тоғайлы ауылы жастары қолдан тосқауыл бекетін жасап, сырттан келген бөгде адамдарды өз ауылдарына кіргізбей отыр. Тurmush.kg сайтының хабарлауынша, әкімдіктің рұқсат қағазы бар адамдар ғана ауылға кіре алады.    width= Жергілікті тұрғындар ауылға басқа елдімекендердің адамдарын бекеттен өткізбейді. Бұл ауылға қонаққа келгендер де осы бекеттен қайтады.
«Ауылымыздың қауіпсіздігі үшін жастар жиналып, ақылдасып, пост құрды. Бізде көпір бар, оның екі жағын шынжырмен жауып тастадық. Жастар күн сайын алмасып кезекшілік етеді. Алдымен 1989 жылы туған ауыл тұрғындары кезекшілікке кірісті. Қазір постта 1986 жылғылар тұр. Бекетте жай тұрмаймыз, ауылға кірген көліктерді зарарсыздандырамыз» деді Адыл Қалилбайұлы.
Әшейінде «79-дар қайда?» деп әндететін біздің елдің жастары да қырғыз ағайындардан үлгі алса болғандай екен. Ауылын, халқын жақсы көрудің жарқын үлгісі осы емес пе?!