Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, сәуірдің 2-сі мен 3-і аралығында Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ойысады, түнде кей жерлерде күшті жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райына байланысты болжамның дәлдігі 85-90 %.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл көтеріледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.