240-қа жуық әскери дәрігер көмек көрсету үшін қызметке кірісуге дайын
240-қа жуық әскери дәрігер көмек көрсету үшін қызметке кірісуге дайын
© inform.kz
222
оқылды
240-қа жуық әскери дәрігер Денсаулық сақтау министрлігіне көмек көрсету үшін қызметке кірісуге дайын. «Хабар 24» телеарнасының хабарлауынша, бұған қоса, еліміздің Қорғаныс министрлігі бас әскери госпитальдің ғимаратын коронавирус жұқтыру күдігіне іліккен пациенттерді уақытша жатқызу үшін ұсынуға да ниет танытып отыр.Жалпы, әскерилер көмек көрсетуге сақадай сай. Елімізде төтенше жағдай режимі жарияланған алғашқы күннен бастап әскери-медициналық қызмет күштері мен құралдары коронавируспен күреске әзірлікке келтірілген. Мамандар еңбек демалысынан және іс-сапардан кері шақырылып алынып, ерекше қызмет режиміне көшірілген. «Әскери-медициналық қызметтің далалық мобильді медициналық госпиталі де бар. қазіргі уақытта олар да толықтай дауынгерлік дайындыққа келтірілген және белгі түсе салысымен еліміздің кез келген нүктесіне аттанып кетуге дайын», - деді Бас әскери медициналық басқарма басшысы Тимур Ошақбаев. Қажеттілік туындаған жағдайда 5 әскери клиника карантиндік госпиталь ретінде қайта жасақталмақ. Олардың әрқайсында арнайы инфекциялық бөлімшелер бар. Бұл жерде тәулігіне 16-ға дейін күрделі ота жасауға дайын. «Бөлімшеде 8 төсек-орын қойылған. Үш палата бар. Әрбір төсек-орын өкпені жасанды желдету аппаратымен жабдықталған. Барлық аппараттар АҚШ, Германияда шығарылған. Бөлімшеде бір уақытта 8 пациентті орналастыруға және емдеуге қажетті барлық заттар бар», - деді Бас әскери медициналық басқарманың бөлімше бастығы Андрей Левченко.